Елімізде Қазақстан есімді 28 адам тұрады

/
Елімізде Қазақстан есімді 28 адам тұрады
istockphoto

Қазақстанда Қазақстан, Отан, Астана және Тәуелсіздік есімді қанша бар? Ұлттық статистика бюросы өкілі нақты сандарды айтты, деп хабарлайды turkystan.kz 24KZ—ке сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сай, елімізде Қазақстан есімді 28 адам тұрады. Ал Отан есімі 128 адамға қойылса, 25 адамның есімі - Астана. Сонымен бірге Тәуелсіздік есімді азамат та бар.

"Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистикасы бюросының деректеріне сай, Қазақстанда Республика есімді адам да, елді мекен де жоқ. Десе де Қазақстан есімді 28 адам тіркелген, олардың 27-і ер адам болса, біреуі әйел. Мұндай есімді адамдардың көбі Қарағанды облысында тұрады", - дейді ҚР Ұлттық статистика бюросының маманы Жансая Кайранбаева.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары