Алматыда автобус өртенді

Автобус салонында жолаушылар болған жоқ.

Алматыда автобус өртенді
Видеодан кадр

Алматыда автобус өртенді, деп хабарлады turkystan.kz.

Алматы қалалық ТЖД-ның мәліметінше, сағат 11:45-те Алатау ауданының құтқарушылары Қарасу ықшамауданында автобустың жанып жатқаны туралы хабарламаға шықты.

Құтқарушылар сағат 11:53-те жетті. Автобус салонында жолаушылар болған жоқ.

10 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сағат 12.00-де сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер болған жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Жалынды сөндіруге қалалық ТЖД-ның 10 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.