Жамбыл облысында 7 адам қар құрсауында қалып қойған

Олардың 4-і қытай азаматтары.

Жамбыл облысында 7 адам қар құрсауында қалып қойған
ҚР ТЖМ
976

Жамбыл облысында қар құрсауынан 7 адам құтқарылды, оның 4-уі шетел азаматы, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 26 ақпанда Жуалы ауданында, Шымбұлақ ауылынан 8 км (таулы жер), Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Б. Момышұлына ауылына қар құрсауында қалған 7 адамды жеткізді. Олардың 4-і қытай азаматтары.

«Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады», - делінген министрліктің баспасөз-баянында.

Серіктес жаңалықтары