Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Жоғары деңгейдегі сегментіне қатысты

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлім етті.

Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Жоғары деңгейдегі сегментіне қатысты
Сыртқы істер министрлігі
765

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақстандық делегация БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 55-ші сессиясының Жоғары деңгейдегі сегментіне және БҰҰ жаһандық алаңының басқа да іс-шараларына қатысу үшін Женеваға келді.

Отырысқа 100-ден астам мемлекеттердің жоғары өкілдері, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш және Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк қатысты.

ҚР СІМ басшысы өз сөзінде халықаралық қоғамдастыққа Қазақстанның осы бағыттағы ұлттық құқық қорғау жүйесін жетілдіру саласындағы қол жеткізген нәтижелері және алдағы басымдықтар туралы хабардар етті. Әсіресе ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп жатқан реформаларының төрт пакетін іске асыру, Конституциялық Сотты қайта құру, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілі институтын күшейтудің нәтижелері аталып өтті.

Осы орайда М. Нұртілеу халықаралық қоғамдастыққа: «Қазақстандағы демократиялық өзгерістер қайтымсыз» деген бас месседжін жариялады.

Серіктес жаңалықтары