Көктайғақ, қар, тұман: бүгін алты өңірде ескерту жарияланды

25 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Көктайғақ, қар, тұман: бүгін алты өңірде ескерту жарияланды
sn.kz

«Қазгидромет» синоптиктері еліміздің алты өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп жазады turkystan.kz.

25 ақпанда Шымкент қаласында тұман түседі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде қарлы боран, жел соғады. Екпіні – 15-20 м/с.

25-27 ақпанда Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болады, қар жауады.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, орталықта күндіз солтүстіктен, облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының таулы аймақтарында тұман түседі, жаңбыр жауады.

Еліміздің қалған бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, жел күшейеді, тұман түседі.