45 градусқа дейін аяз болады: ҚазАвтоЖол жүргізушілерге ескерту жасады

Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жетісу облыстарында қатты аяз күтіледі.

45 градусқа дейін аяз болады: ҚазАвтоЖол жүргізушілерге ескерту жасады
kursiv.media

Алдағы күндері төрт облыста 45 градус аяз болады, деп хабарлады turkystan.kz.

Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жетісу облыстарында қатты аяз күтіледі. Ауа температурасы -45 градусқа дейін жетуі мүмкін. Түркістан облысында жаңбыр жауады.

Ұлытау мен Қызылорда облыстарында жел 15-20 м/с дейін жетеді. Салдарынан автожолдарда көрініс шектелуі болжануда. Осыған орай ҚазАвтоЖол жүргізушілерге сақ болуды ескертеді.

«Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар!
Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз», – делінген хабарламада.