1 наурыздан бастап жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады
Өтінім беру сәтінде депозиттегі жинақ сомасы 1 млн теңгеден кем болмауы тиіс
Отбасы банк «Отау» жаңа тұрғын үй бағдарламасы басталатынын хабарлады. Бағдарлама 2024 жылдың 1 наурызында іске қосылады, деп жазады turkystan.kz.
Сол күннен бастап 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) қазақстандықтар Баспана маркет (otbasybank.kz) порталында бағдарламаға қатысу туралы өтініш жолдай алады. Өтініш беру уақыты маңызды емес.
Бағдарлама бойынша бастапқы жарна 20%-дан басталады. Несие бойынша мөлшерлеме-жылдық 9% (ЖЭС 9,2% бастап). Несие мерзімі – 19 жылға дейін.
«Отау» бағдарламасына 18-ден 63 жасқа дейінгі (қоса алғанда) қазақстандықтар, оның ішінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қатыса алады. Алайда жасы 35-тен аспайтын еліміздің жастарына басымдық берілетін болады.
Бағдарламаға тек Отбасы банк салымшылары ғана қатыса алады. Үміткердің жинақ шоты ең кемі 18 айлық болуы керек. Өтінім беру сәтінде депозиттегі жинақ сомасы 1 млн теңгеден кем болмауы тиіс.