Алматыда үшем дүниеге келді
Дүниеге екі ұл мен бір қыз келді.
Алматылық жас отбасы екі ұл мен бір қыздың ата-анасы атанды, деп хабарлады turkystan.kz.
Алматы денсаулық сақтау басқармасы атап өткендей, жас жүкті келіншек № 2 қалалық перинаталдық орталыққа толғақпен келіп түсті. Дәрігерлер қажетті тексеру жүргізіп, оған кесарь тілігі жасау туралы шешім қабылдады.
Операцияны өз ісінің мамандары — хирург Азамат Ержанов пен Бақыт Әбішева жасады. Ота сәтті өтті. Дүниеге салмағы 2360 және 2420 грамм екі ұл мен салмағы 2050 грамм қыз бала келді.
«Ұлдардың бірі, бір апта бойы реанимация бөлімінде неонатологтардың тәулік бойы бақылауында болды, онда оған барлық қажетті медициналық емдеу жүргізілді. Қалған екі нәресте патология бөлімінде анасының жанында болды», — деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.
Өз кезегінде, үшемнің анасы медицина қызметкерлеріне рахмет айтты.
«Мен барлық медицина қызметкеріне қиын, жауапты еңбегі үшін шын жүректен алғыс білдіргім келеді, олардың арқасында менің балаларым қазір менімен бірге және біз үйге шыққалы жатырмыз», — деп атап өтті жас ана.