Ұлттық банк Берлиндегі көрмеде Kókbóri монеталарын таныстырды

KÓKBÓRI дизайнында «Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері» сериясындағы монеталардың стилистикасы қолданылған.

Ұлттық банк Берлиндегі көрмеде Kókbóri монеталарын таныстырды
profinance.kz

Қазақстан Ұлттық Банкі Берлинде өткен World Money Fair дүниежүзілік ақша конференциясында KÓKBÓRI инвестициялық монеталарын таныстырды, деп хабарлады turkystan.kz.

Көрмеге қатысудағы негізгі мақсат – Қазақстанның KOKBÓRI инвестициялық монеталарын әлемге таныстыру. Жаңа KÓKBÓRI монеталары – ALTYN BARYS және KÚMIS BARYS инвестициялық монеталарына жасалған ребрендинг нәтижесі.

Халықаралық сарапшылар KÓKBÓRI инвестициялық монеталарының көркемдік жаңалығын, ұлттық бояуын және сапасын жоғары бағалады.

KÓKBÓRI дизайнында «Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері» сериясындағы монеталардың стилистикасы қолданылған. Эксклюзивті дизайн KÓKBÓRI инвестициялық монеталарын тек инвестициялық тұрғыда ғана емес, коллекциялау үшін де, сыйға тарту үшін де тартымды етеді.

Монета өнімдерін әзірлеуге деген кәсіби көзқарас Қазақстанға үздік монета өндірушілердің қатарына кіруге мүмкіндік берді. Өндіріс сапасы, дизайны, технологиядағы жаңашылдығы сияқты әртүрлі номинация бойынша иеленген көптеген марапат осыны айғақтайды.

World Money Fair  – жыл сайын халықаралық монеталар қауымдастығының басын қосатын әлемдегі ең ірі нумизматикалық алаң. Оған орталық банктердің, монета сарайларының, монета шығаруға арналған жабдықтарды өндіруші компаниялардың өкілдері, дизайнерлер, ірі нумизматикалық басылымдардың өкілдері қатысады. Ұлттық Банк WMF-ке 2000 жылдан бері жыл сайын қатысып келеді.