1163
Жетісу облысында автобус өртенді
Өрттің себебі анықталуда.
Жетісу облысында жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлады turkystan.kz.
Жетісу облысы ТЖД кезекші бөліміне 16 ақпан күні сағат 10:38-де Көксу ауданы Балпық би ауылында жолаушылар автобусының жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.
«Оқиға орнына жеткен сәтте жолаушылар автобусының жанып жатқаны анықталды. Өрт сағат10:58 минутта толық өшірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқанжар жоқ. Өрттің себебі анықталуда», – делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге Жетісу облысы ТЖД 5 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылды.