Астанада қала маңына қатынайтын бірнеше автобус уақытша тоқтатылды

Бұл туралы «City Transportation Systems» компаниясы хабарлады.

Астанада қала маңына қатынайтын бірнеше автобус уақытша тоқтатылды
CTS

Елордада күн райының бұзылуына байланысты қала маңына қатынайтын бірнеше автобус уақытша тоқтатылды, деп хабарлады turkystan.kz «City Transportation Systems» компаниясына сілтеме жасап

«№ 315, 316, 317, 327 қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы ауа райының нашарлауына байланысты уақытша тоқтатылды», – делінген хабарламада.

Қала маңына қатынайтын басқа бағдарлар линияда.