Ауа райына байланысты 13 облыста жол жабылды

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ауа райына байланысты 13 облыста жол жабылды
ашық дереккөз

13 облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

«14 ақпан сағат 15:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 13 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 41 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді», – делінген хабарламада.

  • Абай облысында – 6 учаске
  • Ақмола облысында – 2 учаске
  • Ақтөбе облысында – 5 учаске
  • Алматы облысында – 1 учаске
  • Шығыс Қазақстан облысында – 4 учаске
  • Жамбыл облысында – 1 учаске
  • Жетісу облысында– 1 учаске
  • Қарағанды облысында – 9 учаске
  • Қызылорда облысында – 3 учаске
  • Павлодар облысында – 5 учаске
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 1 учаске
  • Түркістан облысында – 2 учаске
  • Ұлытау облысында – 1 учаске


Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды күтіп-ұстауға 785 бірлік техника және 1481 жолшы жұмылдырылған.