Қазақ ұлттық опера және балет театрына жаңа басшы келді
Жаңа басшыны театр ұжымына Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов таныстырды.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның бұйрығымен Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры директорының міндетін атқарушы лауазымына Айнұр Сайлаубайқызы Көпбасарова тағайындалды.
Театрдың баспасөз қызметі жаңа басшыны театр ұжымына Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов таныстырғанын хабарлады. Құттықтау сөз алғандар қатарында опера труппасының көркемдік жетекшісі Болат Бөкенов ұжым атынан Айнұр Сайлаубайқызына өзінің тілегін білдіре келе, алдағы ісіне сәттілік тіледі.
Айта кетейік, Айнұр Сайлаубайқызы Көпбасарова - 1975 жылы 7 ақпанда дүниеге келген.
1990-1995 жылдары Жамбыл педагогикалық институтында (Тараз қаласы) филология мамандығы бойынша білім алған. 1995-1996 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (Алматы қаласы) магистратураны; 1996-1999 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде аспирантураны бітірген.
2010-2021 жылдары «Idea Fabric» ЖШС-да бас продюсер болған. 2022 жылы тамыз айынан бастап «Түркістан музыкалық драма театры» МКҚК көркемдік жетекші, 2021-2022 жылдары «Түркістан музыкалық драма театры» МКҚК директор, көркемдік жетекші болды.
«Құрмет» ордені, «Қазақстан Тəуелсіздігіне 30 жыл» төсбелгісі, «ҚР мəдениет саласының үздігі» медалі, «Құрмет» грамотасы, ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.