Алматыда заңсыз айналымнан 500 литр алкоголь тәркіленді

/
Алматыда заңсыз айналымнан 500 литр алкоголь тәркіленді
polisia.kz

Өткен демалыс күндері Алматы қаласында алкоголь өнімдерін заңсыз сату деректерін анықтау және жолын кесу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Профилактикалық іс-шараларды профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасы Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырды. Оған Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері де қолдау көрсетті.

Екі күн ішінде 300-ден астам нысан тексерілді. Олардың қатарында азық-түлік дүкендері мен ойын-сауық орындары бар. Тексеру нәтижесінде алкоголь өнімдерін тиісті лицензиясыз сатқан 17 жеке кәсіпкер анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша әкімшілік материалдар жиналды. Заңсыз айналымнан 500 литрден астам алкоголь өнімі тәркіленді.

Сонымен қатар алкоголь өнімдерін сату кезінде заңнамада белгіленген талаптарды бұзған тағы 12 жеке кәсіпкер ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мұндай рейдтік іс-шаралар жүйелі түрде жүргізіледі. Негізгі мақсат – алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымына тосқауыл қою және құқық бұзушылықтардың, соның ішінде мас күйінде жасалатын құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар