Астанада екі қыз терезеден секіріп кеткен: Қылмыстық іс қозғалды

/
Астанада екі қыз терезеден секіріп кеткен: Қылмыстық іс қозғалды
istockphoto.com

Астанада тұрғын үйдің терезесінен екі қыз құлап кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға суицид жасау әрекеті болуы мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Тұрғын үй кешенінің тұрғындарының бірі Threads желісінде бұл жағдай туралы достары мен оқиғаның куәгері болған көршілерінен естігенін жазған.

Астана қалалық полиция департаменті суицид жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.

«Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп хабарлады ведомство.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар