Қарағандыдағы мектептерде оқушыларды атамын деген жасөспірім ұсталды

Жалған хабарды 13 жасар жасөспірім таратқан.

Қарағандыдағы мектептерде оқушыларды атамын деген жасөспірім ұсталды
pixabay
904

Қарағанды облысының полицейлері терроризм туралы хабарлама таратқан адамды ұстады. 

Қарағанды облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс мектептерінде оқушыларды атамын деп хабарлама таратқан Telegram арнасының әкімшісін әрі авторын ұстады.

Белгілі болғандай, 13 жасар Қарағанды тұрғыны әлеуметтік желіден терроризм тақырыбындағы ақпаратты көріп, «Очищение Караганды» деген атаумен өз арнасын ашқан.

Осыдан кейін ұсталған азамат облыс төңірегіндегі мектептерде терроризм актісі дайындалып жатқаны жайлы ақпарат таратқан.

«Қазір Telegram арна өшірілді. Полиция қызметкерлері бұл қылмысқа шетелде жүрген адамдардың қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Полиция органдары шұғыл қызметтердің шығынын өтеу бойынша сотқа талап арыз береді. Баланың ата-анасы Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Тергеу жүріп жатыр», — деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.'

Еске салсақ, 12 ақпанда әлеуметтік желіде Қарағанды мектептерінде лаңкестік әрекет дайындалып жатқаны туралы хабарлама тарап кеткені жайлы жазған болатынбыз. 

Серіктес жаңалықтары