Елордада балабақша директоры бюджет қаражатын жымқырған

Мемлекетке 8,5 млн. теңгеден астам шығын келтірілген.

Елордада балабақша директоры бюджет қаражатын жымқырған
president.az
769

Астанада ақша жымқырған балабақша директоры сотталды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Алматы» ауданының прокуратурасы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде елорда балабақшаларының біріне тексеру жүргізу барысында мектепке дейінгі білім беру саласында табельдеу арқылы балабақшаға бармаған балаларға бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтаған.

2021 жылғы маусым мен 2023 жылғы қыркүйек айының аралығында мемлекеттік қаражатты ұрлау мақсатында өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, балабақша меңгерушісі бюджет қаражатынан негізсіз төлемдер алған.

Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 8,5 млн. теңгеден астам шығын келтірілген.

Кінәлі тұлға 3 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, сотталды, - делінген хабарламада.

Залал толық көлемде өтелді. Үкім заңды күшіне енді.


 

Серіктес жаңалықтары