982
Степногорск тұрғындары жылусыз қалды
Энергетика министрлігі не дейді
Степногорсктегі ЖЭО-да апат болып, тұрғындар жылусыз қалды. Энергетика министрлігі бұл дерекке қатысты пікір білдірді, деп жазады turkystan.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
"KEGOC" АҚ электр беру желісінің ажыратылуына байланысты Степногорск ЖЭО жылу энергиясын өндіруді азайтты. Министрлік мәліметінше, жылу электр орталығында технологиялық бұзушылықтар жоқ.
Қазіргі таңда жылу электр орталығына электр қуатын беру қалпына келтіріліп, жылу желісіндегі температураны көтеру жұмыстары басталып кетті.
Тұтынушыларды жылумен қамтамасыз етудің бұзылуын болдырмау үшін желілік судың айналымы ұйымдастырылған.
Бұл факті бойынша энергетика министрлігінің ядролық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті тексеру жүргізуді бастады.