Өткен тәулікте ТЖМ қызметкерлері 118 адамды құтқарды

Оның 60-ы өрттер мен жану оқиғаларына, 124-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға байланысты

Өткен тәулікте ТЖМ қызметкерлері 118 адамды құтқарды
tengrinews.kz

Қазақстан ТЖМ күштері 184 жедел шығу жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

Оның 60-ы өрттер мен жану оқиғаларына, 124-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға байланысты.

118 адам құтқарылды және эвакуацияланды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.