Жолда қалған 1200-ден астам адам құтқарылды

75 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Жолда қалған 1200-ден астам адам құтқарылды
egemen.kz

Қолайсыз ауа райында Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының, Астана қаласының автожолдарында 1272 адам құтқарылды. Оның ішінде 75 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары мен Ұлытау облысының уақытша орналастыру пункттерінде 1107 адам орналасқан.

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге ТЖ, ішкі істер және қорғаныс министрліктерінің, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды, - делінген ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

ТЖМ мен оның аумақтық бөлімшелерінде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмысын жалғастыруда, психологтарды тарта отырып, «жедел желі» телефондары жұмыс істейді.