Нұрлан имам Америкада жастардың некесін қиды (ВИДЕО)

Бұл туралы Нұрлан имам Instagram-дағы парақшасында мәлім етті.

Нұрлан имам Америкада жастардың некесін қиды (ВИДЕО)
видеодан алынған кадр

Нұрлан имам АШТ-тың Филадельфия қаласында екі жастың некесін қиып берді. 

«Бүгін Астана қаласындағы Ырыскелді қажы атындағы мешітінің Бас Имамы Нұрлан Байжігітұлы қажы Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласындағы Аль-Бухари мешітінде қырғыз, өзбек, қазақ жамағатына уағыз айтты. Уағыздан сон Нұрлан қажы бас имам болып жамағатпен намаз оқыды. Бұл кездесу барысында - жақсы адамдардын қасиеттері, түзу жол және Аллаh туралы әңгіме жүргізіп қоймай, жаңа қосылған жастарымыздын ақ некесін қидық! Іс-шара жоғары деңгейде және әсерлі өтті. Нұрлан мырзаға және Жұлдызай ханымға АҚШ қазақтарының діни ахуалына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз!!! Америка Құрама Штаттары және Филадельфия қазақтары өзіңізді әрдайым күтеді», - деп жазды ол.