«Мен бәрін еңсеремін» байқауы өтті

«Мен бәрін еңсеремін» байқауы өтті

«Мен бәрін еңсеремін» байқауы өтті
ашық дереккөзі
400
  Таяу күндері Алматыда «Мен бәрін еңсеремін» атты мүмкіндігі шектеулі жандар арасында байқау өтті. Мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету мақсатында көптеген істер атқарылып келеді. Соның бірі  – «Мен бәрін еңсеремін» атты мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған байқау. Байқау ұйымдастырушылары – «Мен өмірді сүйемін» қоғамдық қоры мен «Yerekendzy production» ЖШС. Шараны атқару  және дайындық барысы Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесе аудандық әкімдіктердің жәрдемдесуімен жүзеге асты. Аталмыш шараның басты мақсаты – мүгедек жандардың әлеуметтік интеграциясын ұлғайту, хабардарлығын арттыру және мүмкіндігі шектеулі адамдарға деген  оң қоғамдық пікір қалыптастыру. Сайыс «Хореография» және «Вокал» номинациясы бойынша өткізілді. Қатысушылар байқаудың іріктеу кезеңінде-ақ көрермендерді өз өнерлерімен таң қалдырды. Әсіресе, Назира Маликходжаева қазақтың «Қара жорға» биімен көзге түссе, Ерхан Тәжібаев «Қазақстан», Рудаков Владислав «Отан Ана» әндерімен таңдай қақтырды. «Бүгінгі сайысқа қандай да бір қорытынды жасау әділқазылар алқасына өте күрделі болды. Себебі, жастарымыз сондай талантты. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендердің көңілінен шықты», – деді өз сөзінде қоғам қайраткері, журналист Меруерт Кадышевна.  

Серіктес жаңалықтары