Бүгін елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады

Қазгидромет синоптиктері 6 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Бүгін елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады
Ашық дереккөз

6 ақпанда еліміздің басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар ықпал етеді.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Көктайғақ, бұрқасын болады.