Тағы бір жедел жәрдем жүргізушісі жол бермеді деп айыпталды

Оған түсіністік танытпаған жол сұраушы полиция қызметкерлерін шақырған

Тағы бір жедел жәрдем жүргізушісі жол бермеді деп айыпталды
Halyq Uni
1011

Қарағандыда жедел жәрдем қызметі шақыртумен көпқабатты тұрғын үйге барған. Дәрігерлер науқасқа кіріп кетеді. Оның жағдайы ауыр, ауруханаға жеткізу қажет болған, деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.

Қызметтік көлікті жүргізуші кіреберістің алдына қойған. Артынан келген көлік жол беруін сұраған. Сол кезде жедел жәрдем жүргізушісі жағдайы ауыр науқасты күтіп тұрғанын баяндаған. Оған түсіністік танытпаған жол сұраушы полиция қызметкерлерін шақырған.

Жолды бөгегені үшін жедел жәрдем жүргізушісіне айыппұл салынды. Оның өзі оқиғаны баяндап, әлеуметтік желіге видео жүктеді.

Осы орайда екінші жедел жәрдем көлігі келіп, жағдайы ауыр науқасты ауруханаға алып кеткен. Ал айыпты болып қалған алғашқы жедел жәрдем көлігі полицейлердің талабымен сол келген орнында қалып қойды.

Серіктес жаңалықтары