Майқайың кенішінде құтқарушының каскасы табылды

Бұған дейін құтқарушылар автобустың дөңгелегін тапқан болатын.

Майқайың кенішінде құтқарушының каскасы табылды
Асайын Байхановтың Telegram парақшасынан алынды

Майқайың кенішінде іздестіріліп жатқан құтқарушылардың заттары табылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz  сайтының мәліметінше, қайғылы оқиға орын алған жерде іздеу шаралары жүргізілуде.

Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байханов Telegram арнасындағы парақшасында мәлімдеді.

«Майқайың-алтын» АҚ кенішінде іздеу жұмыстары жүргізілген жерде бүгін жаңа бөлшектер, яғни құтқарушының каскасы, автобустың ішкі сөресі есігінің  кішігірім бөлігі және де құтқарушының «XFERRA» қол радиостанциясы табылды. Бұл заттар жердің бетіне көтерілді», – деп жазды аймақ басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін құтқарушылар автобустың үлкен бөлшегін –дөңгелегі тапқан болатын.