Мен TÚRKISTAN-ға қалай келдім...

...Тіпті, біраз басылымдар қар­жы мәселесінен жабылып қалған жайт­тар да болды. Жарыққа шығып жатқан ба­сы­­лым­дардың өзі жастар түгілі, кәнігі төселген жур­на­лис­­теріне қаламақы түгілі, айлық­тарын әрең тауып бере­­тін. Осындай қиын-қыс­тау кезеңнен Қалағаңның ке­мең­­гер көр­генділігі, білімділігі, тіпті мейірім шапа­ға­тының арқасында Túrkistan газеті өз биі­гі­нен төмендемеді.

Мен TÚRKISTAN-ға қалай келдім...
turkystan.kz
1278

Сол жылдарды, редакция табалдырығын аттаған сол алғашқы күнді ойласам,  көңіліме жылылық орнайды. Өткен күндерге деген са­ғыныш жүрегімді жұлып әкетердей, ала­бұртқан әдемі бір сезім ұлы сағынышқа ұла­сып жүре берді...

Журналист боламын деген бала махаббат үлкен арман-мақсатқа айналып, Алатаудың бау­райындағы сәнді қалашыққа, С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінен  бір-ақ шығарды. Арман арқалап жеттік. Алғаш өлең жаза бастадық. Алғашқы жылы байқаудан өт­пей қалып, көңіл қалса да жүректі билеген қалам­ға деген құш­тарлық өшпеді. Қайта лаулай түс­кендей.  Шет аудандық (ол кезде Жезқазған об­лысы) «Ильич туы», бүгінде  «Шет шұғыласы» газе­тіне «білдей» тіл­ші болып орналасып алдым. Қо­ғамның қай сала­сына салса да тайсалар емес­пін. Бұрқыратып ма­қала, очерк, арагідік өлең немесе сырға толы эс­селер жазылып жатты. Аудан орталығындағы радиоторабы да өз мен­шігімде. Ауыл-аймаққа тілші қыз атана бас­та­дым. Жазуды мектеп қабырғасынан бастасам да, кеудемді   кәдімгі газет қызметкері сынды мақ­таныш билейді.
Сөйтіп жүріп университетке де түсіп, оны бі­тіріп, тұрмысқа да шығып, қа­зақ қыздарының бас­ты парызы – сүйікті жар, мейірімді ана де­сек, сол бір қасиетті атақ­қа да ие болдық. Ол кез­де рес­публикалық га­зет-жур­налдардың бе­де­лі де, он­дағы тіс­қақ­қан жур­налистердің де бе­делі асқақтап тұр­­ған кез, табалдырығынан ат­тай алмай­сың... «Со­­циа­листік Қазақстан» га­зетіне ма­ши­нистка бо­­лып қызметке орна­лас­тым. Бү­­гінде жүз жыл­дық тарихы  бар  газетте қо­­ғам­дық-саяси, нау­қандық ма­териалдардан бас­­қа көрнекті қа­ламгерлердің шы­ғармалары ға­на жария­ланып жатады. Жастардың көздегені де, таңсәріден га­зет са­татын дүңгіршектер. «Лениншіл жас» («Жас Алаш»)! газетін сатып алу үшін аң­­­диды, тіп­ті күзетуге дейін баратын-ды. Ал мен он­да­ғы «Ақ отау» қосымшасының белді ав­тор­ла­­рының бірімін. Оны талай жылдар бел­гілі жур­налист Салима Ысқақ жүргізеді. Он­дағы  жарияланымдар менің жаныма  жақын, таныс болғаны сонша, ма­қалаларым шықса да, шықпаса да газет ті­гін­дісін жасап жүремін. Бірде газетке қа­зақ­тың кербұғысы, қайталанбас қаламгері Ора­ғаң – Оралхан Бөкейдің шығармаларына құ­ныққаным сонша, «Мен Сізге ғашық едім» де­ген қысқа ғана дүнием жарық көрді. Осы ма­қала мені Túrkistan  халықаралық саяси ап­талығымен қауыштырды десем болар.
Иә,  Túrkistan-ға қалай келдім... 
Қол сәл қалт етсе, газет-журналдағы та­ныс қыз-жігіттерді жағалап, амандаса барып, ара­ласа жүретінбіз. Университетте бірге оқы­ған, бүгінде қаламы жүйрік, әсіресе, эко­но­мика тақырыбын шемішкеше шағатын жур­налист Рымтай Сағымбекова Túrkistan-ның белді қызметкері. Жиі кездесеміз. Осы­лай терімшіден қалай бөлімге ауысып, таза журналистикамен айналысады екенмін деп ар­мандап жүргенімде, Egemen Qazaqstan га­зеті Астанаға көшті де кетті... Отбасым осын­да, балалар мектепте, алды бойжете бас­тады. Отағасы болса да осында білдей бір га­­зеттің бас редакторының бірінші орын­ба­са­ры. Ол дегеніңіз кез келгеннің қолы жете бер­мейтін қызмет! Енді не істедім дедім іш­тей күйзеліп, әрине, ешкімге білдіре қой­майсың. 
Бір күні, 1997 жылдың жаз айларының жай­­машуақ күндерінің бірінде, Рым­тай­ды іздеп Túrkistan газетінің каридорымен келе жатсам, қазақтың тағы бір мықты қа­лам­гері, жазушы Дидахмет аға  Әшімхан ал­­­дымнан шыға келді. Амандықтан соң: – Таң­сұлу, сені іздейін деп жүр едім, бері жүр­ші, – деді. Соңынан ердім. Сөйтсем, қабылдау бөл­месіне, Бас редактор Қалағаңның, атақты Қалтай Мұхамеджановтың кабинетінен бір-ақ шықтық.
Ал керек болса,  енді не болар екенін ішім сезсе де,  сасқалақтап қалдым да, Қала­ғаң көрсеткен орынға Дидағаңмен қатарласа жайғастым.
– Ой, бұл өзіміздің Таңшолпан ғой, –  де­ді Қалағаң. Білдей басшының іштарта сөй­ле­гені есімді тез жиғызған болуы керек, Ди­дағаң  «Таңшолпаны несі, Қалаға, бұл Таң­­сұлу Ал­да­бер­генқызы ғой» деп бетіме қарағанда, үшеу­міз бірдей күліп жібердік. 
Шіркін-ай десеңізші, сол сәттегі менің бойым­­ды билеген қуаныш әлі күнге жаным­ды жадыратады десем, бәлкім, біреу сенер, біреу­лер сенбес...
Қазақ әдебиеті мен мә­де­ниетіне әбден еңбегі сіңген ағаларымыздың аузынан жылы сөз есту, не деген бақыт, не де­ген қуаныш екенін уақыт өте келе сезіне тү­сесің. Сезіне түскен сайын бойыңды ұлы адам­дарға деген ұлы сағыныш билейтінін айту үшін, сөзің жетпес, сірә да.
Осындай ұлылар – кешегі Камал аға Смай­лов, Шерағаң – Шерхан Мұртаза, біз әң­гіме етіп отырған Қалтай Мұхамед­жа­нов­тар­дың арасындағы керемет сыйластықты, ұлы достықты көріп, сезініп өскенімізді мақ­тан да тұтуымыз керек!  Газеттің кейбір ша­раларында жиі көріп, жылы амандасып жүр­ген мені есінде «Таңшолпан» деп сақтап қал­ғаны менің төбемді көкке жеткізгендей болып еді.
Міне, мен осылай Túrkistan-ның белді бір журналисі болып шыға келдім. Ди­да­ғаң­ның бастауымен, Қалағаңның қол­дауы­мен, әри­не, бұл сәтті өмірбақи айтып да, жазып та жалықпаймын. Қандай қам­қор­лық! Қандай мейірім!  Сөйтсем, Дидахмет аға ме­нің Оралхан ағатай жайлы жазған кіш­кен­тай ғана  дүниемді оқып, қатты толқыса керек!.. Кім не жазбай жатыр, газет-журналға кім шықпай жатыр дейсің?!. Сондағы Ди­дах­мет ағаның қамқорлығы, өзінен кейінгі жас­­тардың жазған-сызғанын бақылап жүруі, әсі­ресе, қыздардың, әйел затының қаламын қа­дағалап жүруі, екінің бірінің ойына да кел­мес...  Өйткені,  журналист болсам деген ар­мандары отбасы, ошақ қасынан аса алмай та­лай қазақ қыздарының мақсаттары мен үкі­лі үміттері үзілгенін көзіміз көріп, құла­ғы­мыз еститін-ді. Ал мені тікелей қабылдау бөл­месіне ертіп барғаны редактормен ал­дын-ала келісілген тірлік екенін ойласам, тө­бем көкке жетердей қуанамын! Иманды бол­ғыр, көзі жұмылғанша газеттің ішкі- сырт­қы шаруасын тындырып, тілшілерге идея­ларын бөлісіп, тапсыра беріп жүретін.
Бірде қабылдау бөлмесіндегі Айнаш, Мұхамеджановтың ондаған жылдар бойы хатшысы болған Айнаш Сатаева, ре­дак­тордың іздеп жатқанын жеткізді. Әжеп­тәуір төселіп қалған кезім, қай жерден не кетіп қалды екен деген оймен бастықтың ка­бинетіне кірдім. Қызметтес болған үш-төрт жылда бірде-бір ескерту алып көр­меп­пін. Жо-жоқ, Бас редакторым өте көңілді, әл­дебіреумен телефон арқылы сөйлесіп жа­тыр екен. Не шығарымды, не отырарымды біл­мей тұрған маған орындықты иегімен ымдады.
– Таңшолпан, – деді тағы да, маған осы есім лайықты болуы керек, егер осындай тал­ғам­паз, талантты жазушы, драматург, са­ти­рик­тің аузынан шықса, демек, жақсы есім. – Сені байқап жүрмін, әйел, отбасы, ошақ қасы, ба­ла тәрбиесі тақырыбы жаныңа жақын, са­ғ­ан бір ұсыныс айтқалы шақырдым. Айы­на бір бет «Әйел-Әлем» деген қосымша шыға­рып тұр, алғысөзін өзім жазып беремін, – де­гені. 
– Әрине, әрине, жақын, Қалаға, – деп ба­­­лаша қуандым. Енді ше, қаншама жылдар «Ле­ниншіл Жастың» «Ақ отауына» жазып жүр­генім бар, оның үстіне «Әйел-Әлем» аты да, заты да өзіне шақырып тұрған тақырып! 
Қиялданып отырып қалсам керек. Бірақ кө­зім – редакторда!
– Таңшолпан,  біздің қазақта «Әйел құ­ла­ғымен тыңдайды» деген мәтел бар,  бай­қай­мын сен көзіңмен тыңдайды екенсің, –  де­генде ғана, ұялғаннан күліп жіберіппін.
Қандай керемет сәт! Ұмытуға қақым жоқ сәт­тер ғой! 
Сондағы Қалағаңның Алғысөзде жаз­ғаны: – ...«Ер-елдің иесі, әйел-үйдің киесі» де­ген сөз бар қазақта. Дегенмен де, бүгінгі әйел отбасы, ошақ қасының айналасында қа­лып қоймай, алысқа қарайтын болды. Бұл ер­лерден ерекшеленіп, ерлермен қатар тұ­рып, ердің ісін істеп жүр деген сөз емес. ӘЙЕЛ қашанғыдай өзіне тән мінезімен, өзіне ға­на тән қасиетімен қазақи тіршіліктің та­мырына қан құйып келеді. Ерін бағалай біл­­ген әйелдің өз бағасы да артады. Осы тұр­­­­ғыдан келсек,  қазақ еркектерінің бағы бар. Сол бақтың бағбаны – қазақ әйелінің жү­­зін ешқашан кірбің шалмаса екен деп ой­­лаймын да жүремін.
ӘЙЕЛ бақытты болса, бәріміз бақыт­ты­мыз».
Еліміздің экономикасының, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының тұрақ­сыз­дығы, әл-ауқаты төмендеп тұрған тәуел­сіздіктің, егемендіктің алғашқы жылдары қо­ғамның басқа салалары сынды газет-жур­налдардың да жағдайы мүлдем төмендеп кет­кені белгілі. Тіпті, біраз басылымдар қар­жы мәселесінен жабылып қалған жайт­тар да болды. Жарыққа шығып жатқан басы­лымдардың өзі жастар түгілі, кәнігі төселген журналистеріне қаламақы түгілі, айлық­тарын әрең тауып беретін. Осындай қиын-қыс­тау кезеңнен Қалағаңның кемеңгер көр­генділігі, білімділігі, тіпті мейірім шапа­ға­тының арқасында Túrkistan газеті өз биі­гі­нен төмендемеді. Апта сайын ондағы жа­рия­ланып отырған мақалалардың мазмұн-тал­ғамы да, көтерген мәселелерінің де өз ше­шімін тауып, оқырман көңілінен шығып жатуы, әрине, кез келген мекеменің бас­шы­сы­на байланысты екені сөзсіз. Қалағаңа ел­ден келген сәлемдеме де қызметкерлерге тең­дей бөлініп, аз болса да қаржылай көмек бо­латын. Тіпті, аптасына болмаса да, арагідік ре­дак­цияға  астау-астау асылған ет әкеліп, арқа-жарқа шай ішетін кездерімізді де ешкім ұмы­та қоймаған болар. Қалағаңның өз сө­зі­мен айтар болсақ, «Ер-елдің иесі, әйел-үйдің киесі» бола білген, қолы ашық, дарқан көңіл­ді, жылы жүректі жазушының жары Фарида Бек­жанқызы да осал бәйбіше болмады. Фа­рида апайымыз дүкен сөрелерінің тым жү­деу­лігіне қарамастан, үйіне елден келіп жа­татын сәлемдемелерді өз бала-шағасының ау­зынан жырып, сарқыт ала жүгіретін осын­дай қазақ әйелдерінің бірі де бірегейі еді. Жақсының жары бола білген ол кісімен ре­дакцияның қыз-келіншектері де жақсы сый­лас, сырлас бола білдік.
Қалағаңнан кейін газет тізгінін – Шам­ши­дин Паттеев мырза ұстады. Біздің Шәкең қа­зақ журналистикасын, оның ішінде Túr­kistan газетін экономиканың қиын-қыстау ке­зеңінен аман алып шыққан білімді, ізде­німпаз, мықты ұйымдастырушы да!  Тіпті, жур­налист-қаржыгер десек те болар. Газет ти­ражын, алдыңғы толқын ағаларының маң­дай терімен еткен еңбектерін шаша шы­ғармай, таратып алмай ұстау – мықты бас­шы­ның ғана қолынан келер тірлік болса ке­рек. Шәкең газетті өз уақытымен шығарып тұру үшін, тіпті ондағы жарияланымдардың сапасының жоғары болуы үшін, ал ол үшін газет қызметкерлерінің тұрмыс-жағдайы қа­лыпты болуы керек екенін жанымен тү­сініп, сол жолда қыруар еңбек етті.  Әрине, бұл ретте Ғалымжан Мелдеш, Дидахмет Әшім­хан, Жаңабек Шағатай сынды орынба­сар­ларының еңбегін айтпай кету де қисын­сыз болар еді.
Шәкеңнің іскерлігі, ұйымдастыру­шы­­­лығы сондай газет тілшілерінің на­мысын қайрап, жігерлендіріп отырып жұ­мыс істететін. Бар-болмысыңмен, бар қа­білет-қарымыңмен жазып келген дүниеңді түк­ке алғысыз етіп, өзіңе қайтарғанда, әри­не, іштей ренжисің, десе де қайта қарап шық­қанда редакторыңның пікірімен ке­ліс­песке амалың қалмайтын-ды. Таза жур­на­лис­тикадағы алғашқы редакторым – қазақ­тың Қалтайы идея тастап,  Шәкеңнің кезінде әжеп­тәуір тәжірибе жинақтаған «Әйел-Әлем» қосымшадағы керемет сұхбаттар «Әйел-Әлем», «Әйелмен әлем әдемі» атты екі қа­лың кітаптың жарыққа шығуы да осындай талапшыл басшының арқасы дер едім. Үшінші кітап баспаға дайын тұр. 
Túrkistan газетіне осылай еңбек сіңірдім де­сем де, мақтанғандық болар. Дегенмен ақи­қаты осы. Газеттің 20 жылдығы сонш­а­лық­ты жоғары дәрежеде өткені көз алды­мызда. Сондағы жиынға қатысушылардың көп­шілігі қазақтың мәдениеті мен әдебиетіне еңбек сіңірген қаламгерлер болды десем, бүгінгі газеттің қарт журналистері куә. Одан түй­геніміз, газет оқырмандарының көпшілігі зия­лы қауым өкілдері! Бұл деген сөз – кез келген басылым үшін, ондағы қызметкерлер үшін жоғары мәртебе екені даусыз. Өйткені газет өз оқырмандарымен ғана өміршең! Ал га­зеттің жиырма бес жылдығында бұрынғы жә­не сол кездегі қызметкерлердің әр жыл­дарда жарияланған мақала-сұхбаттары топ­тастырылған «Túrkistan-25» деп аталатын қа­лың бір томдық жинақ жарық көрді. Сол ша­ралардың бел ортасында жүріп, қызмет жа­сағанымызды мақтан тұтамыз. Бүгінде қа­зақтың мықты деген журналист қыздары осы газеттен бастау алып, республикамыздың түр­лі басылымдарында еңбек етіп жүр. Ал­ғаш еңбек кітапшасын осы газеттен ашқан қыз­дарымыз бүгінде белді-беделді жур­на­лист болып қалыптасты. Ұжым қызметкер­лері­нің сексен пайызын қыздар құрады. Сон­дай күндердің бірінде жазушы Дидахмет аға­мыз: «Газеттің  атын  «Túrkistan әйелдері»  деп өзгерту керек шығар», – деп әдемі қал­жыңдаушы еді...
Túrkistan-30! Сол биігінен аласармай ке­ле жатқан газетіміздің абыройын  Шәкең­нен кейін Жаңабек Шағатай, одан кейін Қуат Әуесбай мырзалар тұғырынан түсірмей, Бауыр­­жан Бабажан бастаған бүгінгі бас­шы­лыққа тапсырды. Жаңа басшылыққа шығар­ма­шылық табыс тілей отырып,  әлі алар асу­­лар, шығар биіктер алда, сол жолда қа­лам­­­дары мұқалмауын тілейміз.

Таңсұлу АЛДАБЕРГЕНҚЫЗЫ,
Қазақстан Республикасы Ақпарат ісінің үздігі, Қазақстан Журналистер 
одағының мүшесі

Алматы қаласы

 

Серіктес жаңалықтары