1113
Юлия Путинцева Таиландтағы турнирдің ширек финалына өтті
Юлия жартылай финалға өту үшін қытайлық Синьюй Ванмен кездеседі.
Қазақстандық, әлемнің 70-ракеткасы Юлия Путинцева Хуахин (Таиланд) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады turkystan.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 71-ракеткасы, швейцариялық Виктория Голубичпен шеберлік байқасты.
Екі партия да тартысты өтіп, 7:6 (7:0), 7:6 (7:1) есебімен Путинцеваның пайдасына аяқталды. Екі сағаттан астам уақытқа созылған матчта Путинцева 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.
Юлия жартылай финалға өту үшін әлемнің 40-ракеткасы, қытайлық Синьюй Ванмен кездеседі.