Өскеменде мектеп оқушысы сыныптасын пышақтап тастады

Оқушылар өзара сөзге келіп калған,

Өскеменде мектеп оқушысы сыныптасын пышақтап тастады
Sputnik

Өскемендегі орта мектептердің бірінде екі оқушы жанжалдасып, біріне пышақпен дене жарақатын салған, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейлер бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек жанжал облыс орталығындағы орта мектептерінің бірінде орын алған. Онда оқушылар өзара сөзге келіп калған, жасөспірімнің бірі жиналмалы кәдесый пышақпен қарсыласына және өзіне дене жарақатын келтірген.

«Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайы анықталуда, бақылау камераларының бейне жазбалары зерттелуде, қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді», - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды.