4 жылда 100 жүлде: Өскемендік бапкер шәкірттерін күймен жаттықтырады (ВИДЕО)

Ілияс Оразхан қазір 50 шәкірт тәрбиелеп отыр.

4 жылда 100 жүлде: Өскемендік бапкер шәкірттерін күймен жаттықтырады (ВИДЕО)
24.kz
3811

Өскеменде жас боксшылар Құрманғазы Сағырбайұлының күйлерін тыңдай жүріп жаттығады, деп хабарлады Turkystan.kz 24kz телеарнасының сілтеме жасап хабарлады.

Бокстан спорт шебері, бапкер Ілияс Оразхан балаларды күйдің үнімен жаттықтыру арқылы патриоттық тәрбие беруді қолға алған. Оның айтуынша, ұлттық күй мақамымен соққы қою үлкен стратегия.

«Біз ең алдымен балалардың қызығушылығын оятып, дұрыс бағыт-бағдар бере білуіміз керек. Сонда олар қолға алған ісін жақсы меңгереді. Көңіл күйі көтеріңкі болса, бала деген шаршауды білмейді. Сол арқылы бокстың әдіс-тәсілдерін тез үйренеді», – дейді бапкер. Ілияс Оразханның шәкірттерінің бірі Расул Марат музыкадан шабыт алатынын айтты.

Ілияс Оразхан қазір 50 шәкірт тәрбиелеп отыр. Ол қызмет ететін бокс үйірмесінің спортшылары 4 жылда 100 медаль жеңіп алған. 

«Менің ойымша, бокс – ол екінші би. Рингке шығасың, билеп шығасың, ұтасың, кетесің. Музыка менің ішімдегі мотивацияны жандандырады, жеңіске көмектеседі деп ойлаймын», – деді Расул Марат.

 

Серіктес жаңалықтары