769
Қазақстан мен Ресей шекарасында жүк көлігінен 100 келі есірткі тәркіленді
Осы фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ірі есірткі партия контрабандасы арнасының жолын кесті, деп хабарлады turkystan.kz.
«18 қаңтарда рейдтік іс-шаралар барысында Қазақстан-Ресей шекарасынан өтпекші болған жүк автокөлігінде халық тұтынатын тауарларға жасырылған шамамен 100 кг есірткі заты табылып, алынды», – делінген хабарламада.
Осы фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.