Журналистиканың тұтас буынын тәрбиелеген мектеп

Бүгінде 30 жасқа толған халық­ара­­лық Túrkistan газетінің елдің іш­кі-сыртқы саясатын тең қамтып, са­­раптамалық журналистиканың жанрларын дамытуға үлес қосқаны, қа­­зақ баспасөзінің сапасын көтер­гені – өз алдына бөлек айтуға, зерт­теу­ге лайық тақырып.

Журналистиканың тұтас буынын тәрбиелеген мектеп
turkystan.kz
1127

Тәуелсіздіктің алғашқы жыл­да­рында жарыққа шыға бас­та­ған басылымдардың ішінде Túrkistan ха­лы­қ­аралық апта­лы­ғы­ның жолы да, болмысы да бөлек еді. Халық жазушысы Қалтай Мұ­хамеджан ағамыздың газетті қа­лай ашқаны, оның түпкі идея­сы – түркі бірлігін насихаттау мис­сиясын таң­да­ғаны газеттің ал­ғашқы күнінен бастап жұмыс іс­теп жүрген аға ұрпақ өкіл­дері­нен әлі студент партасынан шы­ға қоймаған бізге аңыздай же­тіп, эстафетадай табысталған еді... 

ҚазҰУ-дің бесінші курсында оқып жүрген кезде газеттің бас ре­дакторы Шәмшидин Паттеевтің га­зет­ке жаңа толқын – жастарды жи­нап жатқанын естідік. Бағымыз – сол кезде іріктеуден өткен жас­тар­дың бірі болғанымыз. Ол кезде «жур­налистиканың майталманы бо­лып, жазуда өз қолтаңбаңды қа­лып­тастыру үшін газетте жұмыс іс­теу керек» деген түсінік болатын. Ра­сы солай. Жанрларды айырып, ма­териал жазудағы машықты қа­лып­тастырып, сараптама жасап, маз­мұн мен стильді ұштастыруды осы газетте үйрендік. 

Әлі студент болып жүріп газетке штаттан тыс тілші қызметіне қабыл­дан­ғанымыз оқу мен тәжірибені ұш­тастыруға мүмкіндік берді. Газет­тің құрметті редакторы Қалтай ағаның көзін көріп, лебізін өз аузы­нан есту бақыты бұйырғанын мақ­тан тұтамын. Газетке тың леп әкеліп, ре­дакцияның басты құрамы – аға ұр­пақ пен газетке енді келген жас тіл­шілердің басын қосқан Шәмши­дин ағаның әр лездемесі біз үшін кә­­­сіби шеберліктің сабағы болды де­сем, артық айтқандық емес. Мар­құм Дидахмет Әшімхан ағамыз лез­демеден тыс әр жас журналисті өз кабинетіне шақырып алып, пікір­л­е­сіп, қажет кезде ақыл-кеңесін ай­тып отырар еді. Тынышбек Дайрабай, Көл­бай Адырбекұлы, Өмірзақ Мұ­қай, Жаңабек Шағатай, Ғалымжан Ме­лдеш ағаларымыздың әрқай­сы­нан көрген қамқорлығымыз да, алған өнегеміз де көп болды. 

Ол кез қазақ журналистикасын­дағы жақсы дәстүр – аға буынның әлі буыны қатпаған жаңа буынды ше­­берлікке баулитын дәстүрі үзіл­ме­ген шағы екен. Газет-журнал ре­дак­циялары алдыңғы буынның өз тәжірибесімен бөлісіп, студент пар­та­сынан енді шыққан жас журна­лис­терді шыңдайтын, олардың жазу сти­лін қалыптастыруына жағдай жа­сайтын ұстаханалар болатын. Бұл тұр­ғыда, Шәмшидин Паттеев бас­та­ған редакция ұжымы қазақ жур­на­листикасындағы талай жастардың жо­лын ашып, бағыт-бағдарын ай­қын­­даған тұтас мектеп болды. 2000-жылдардың басында газетке жұмысқа келген жас журналистердің бар­лығы дерлік қазір республикалық, ха­лықаралық деңгейдегі кәсіби ма­ман, сарапшы, оқытушы, ғалым-зерт­теуші.

Студент болып жүргенде штат­тан тыс тілші болып бастаған жұ­мы­сым­ды кейін тілші, сарапшы, жауап­ты хатшы болып жалғастырдым. «Бо­ла­шақ» бағдарламасымен Бри­та­ния­ға PhD оқуға барғанда да газет­пен байланыс үзілген жоқ. Менімен қатар, менен кейін осы газетте жұ­мыс істеген талай қыз-жігіттер шет­ел­де білім жетілдіріп, тағылым­да­ма­дан өтіп келді. Бұл да оқуға, ізденуге ын­таландырып отыратын редакция сая­сатының жемісі болса керек.
Бүгінде 30 жасқа толған халық­ара­­лық Túrkistan газетінің елдің іш­кі-сыртқы саясатын тең қамтып, са­­раптамалық журналистиканың жанрларын дамытуға үлес қосқаны, қа­­зақ баспасөзінің сапасын көтер­гені – өз алдына бөлек айтуға, зерт­теу­ге лайық тақырып. Газеттің қазір­гі ұжымына Túrkistan-ның туын биік­те ұстап, қазақ журналистикасы мен көсемсөзінің озық үлгісі болуын ті­леймін. 

Гүлбиғаш Омар
 

Серіктес жаңалықтары