«Ата жолы» картасын қанша этникалық қазақ алған?

«Ата жолы» картасын алуға АҚШ пен Еуропалық Одақ елдеріндегі этникалық қазақтар да қызығушылық танытуда

«Ата жолы» картасын қанша этникалық қазақ алған?
gov.kz

Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев былтыр «Ата жолы» картасы қанша этникалық қазаққа берілгенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

«Сұранысқа ие мамандықтары бар немесе өз елдерінде бизнес-кейстерді табысты іске асырған этникалық қазақтарға Қазақстанда тұруға және бизнесті кеңінен қолдануға құқық беретін «Ата жолы» картасын алуға үміткерлердің географиясы тұрақты түрде кеңеюде. Бүгінгі күнде Ресей мен Моңғолия азаматтарымен бірге «Ата жолы» картасын алуға АҚШ пен Еуропалық Одақ елдеріндегі этникалық қазақтар да қызығушылық танытуда. Бүгінде «Ата жолы» картасын 44 этникалық қазақ алды. Оның 24-і сұранысқа ие мамандық иелері болса, ал 20-сы кәсіпкерлер», – деді Көші-қон комитетінің төрағасы.