Túrkistan апталығы анық-қанығын жазады

...Túrkistan газеті тек таза ти­ра­жбен жұмыс істеп келген болатын.

Túrkistan апталығы анық-қанығын жазады
turkystan.kz
681

Ұмытпасам, 2015-2016 жылдар болатын. Ол кезде Túrkistan газеті бас редакторының бірінші орынбасары кезім. Бір күн­дері күзге салым газет-журналдарда, телеарна мен радиода, сайттарда «елімізде Қытай жұмысшылары қаптап кетті, егін егіп, жер өңдеп жүр. Енді жерімізді өктемдікпен тартып алады» деген қауесет күн санап күшейіп кетті. Әсіресе, Шы­ғыс Қазақстан облысында.

Ойда жоқта Есенгүл Кәпқызы екі-үш күнге ауылына баруға рұқсат сұрай қалсын. Ауы­лы Шығыс Қазақстан облысының Үржар аймағында. Ол ауылға өз ақшасына бармақ ойы бар екенін білдірген. Бұл кездері іссапарға берілетін төлем әбден азайған, тіптен жоқ бол­ған уақыт. Өз ақшасына барса, қандай қарсылық болуы мүмкін.
Бір-ақ өтінішім бар екенін білдірдім: «Ауылға барғаннан кейін жатпай-тұрмай Шығыс Қа­зақстан облысындағы жағдайды анықтап келгейсің».
Иә, Есенгүл тастай қылып орындап келсін. Көптеген егін шаруашылық ұжымының адам­дарымен ашық сөйлесіп, пікір алмасып, газет үшін мақала жазып әкелді. 
Анығында, талайлар айтып-жазып жүрген мәселе өсек-аян ғана болып шықты. Бұры­нырақ Қытайдан сатып алынған техникаларды жөндеуге бір ғана қытай азаматы келген екен. Ол да екі аптадан кейін ҚХР-ға қайтып кететін көрінеді. Осымен іс тынады екен.
Шынымен-ақ, қазақ қоғамы қауесетке көп сенеді және алданады. Шындықтан қаш­қақ­тай ма, әлде ондаған жылдар Ресейге тәуелді болған ел орыстан басқаны мойындамай ма, әлде өзге ұлттардан қауіптене ме, әйтеуір жан-жақтан үрей күтіп тұрамыз, ылғи. Бір жа­ғынан осындай қауесетті әлдекімдер әдейі ұйымдастыруы да бек мүмкін.
Túrkistan газетінде бас редактор болып ұзақ істеген жоқпын. Бұл кезде газет «Нұр-Ме­диа» холдингіне тікелей қарайтын: Túrkistan-ның таза тиражы – 4200-4500 дана. 
Журналистер қауымы «таза тираж», «өтірік тираж» дегенді жақсы біледі: әр газеттің ти­ра­жы 2-3 мың болса, ол 5-10 мыңға дейін өсіріледі. Тоқырау жылдарында атақ алу үшін 100 қозы алса, 200 қозы алынды деп жазғандай сыңайлы. Бірақ Túrkistan газеті тек таза ти­ра­жбен жұмыс істеп келген болатын. 
«Нұр-Медиа» холдингіне тікелей бағынышты болған соң «Нұр-Отан» партиясына екі бет берілді: оның үстіне мемлекеттік тапсырысты орындауға ерекше күш салынды.
1919 жылы қаңтардың алғашқы онкүндігінде «Нұр-Медиа холдингінің бас­шы­лары арнайы келіп, Қуат Әуесбайды бас редактор етіп тағайындады. Мен орынбасар болып қызмет еттім. Бір айдан кейін өз еркіммен жұ­мыстан шығып кеттім. 

Жаңабек Шағатай, 
Túrkistan халықаралық газетінің 2018-2019 жылдардағы бас редакторы

Серіктес жаңалықтары