Бізді патриотизм алға жетеледі

Қалтай аға Үкіметтен жаңа газетті бе­кі­­тіп алды. Біз сол жылдың 28 желтоқ­са­нын­­да Turkistan деген атпен алғашқы са­нын жарыққа шығардық.

Бізді патриотизм алға жетеледі
turkystan.kz
680

Әдетте, редакцияның лездемесі таңертеңгі уақытта өтетін. Бұл жолы редактор Қалтай Мұхамеджан бізді кабинетіне түстен кейін жинады. Қоңырқай өңі алабұртып.

– Ал арыстандарым, жағдай былай. Мен осыдан бір апта бұрын Түркиядағы «Zaman» қоғамының президентіне факс арқылы хат жаздым. Онда екіжақты келісімшартты орындамағандары үшін «Zaman – Қазақстан» газетін жабатынымды ашып айттым. Олардан жауап жоқ. Күтудің де шегі бар. Редактордың бірінші орынбасары Дидахмет Әшімхан:
– Қалаға, енді қандай ойыңыз бар? – де­ді. Басқаларымыз үнсізбіз. Қалтай аға: 
– Ешкімге тәуелді емес, халықаралық ста­тусы бар жаңа газет ашпақшымын. Бұл жө­нінде бүгін министрлікте болып, мә­селені шешіп келіп отырмын. Ондағылар қар­сы емес. Дидахмет: 
– Қалаға, егер құпия болмаса жаңа га­зет­­тің атын қалай атамақшысыз. Қалтай аға: 
– Оның атын бүгін өздеріңмен кеңесіп, ба­рып қоймақшымын. Бір ашып айтарым, мен сендерді менімен бірге болыңдар деп қи­намаймын. Міне, үш жылдан бері бірге қыз­меттес болдық. Әрқайсысыңның қа­рым­­дарыңды жақсы білемін. Сондықтан бас­қаларға қимаймын. Дегенмен басқа ба­сылымдардан өздеріңе жұмыс таппақ ой­ларың болса, қарсылығым жоқ. 

Әркім ой үстінде. Үнсіздік біразға со­зыл­ды. Дидахмет бізге қарап алып: 
– Қалаға, қазір барлық газеттердің ше­ке­лері шылқып тұрған жоқ. Қаражат тап­шы­лығы жан-жағымыздан қысып тұр. Біз де сізді қимаймыз. Кемедегілердің жаны бір де­меуші ме еді. Қандай жағдайда да біз сіз­бен бірге боламыз. Ел мен қоғам жаңарып жа­тыр ғой. Сіз басқаратын тәуелсіз газетте де қызмет етуге бармыз. 
Қалтай ағаның өңіне қан жүгірді. 
– Менің де сендерден күткенім осы еді, арыс­тандарым. Жағдай дәл осылай тұра бер­мес. Уақыт өте келе Үкімет минералдық ре­­сурстарымызды іске қосса, ел есін жиып тү­­зелер. Сонда біздің де жағдайымыз жа­ман болмас.

Ертеңінде «Zaman» қоғамының өкілі Әли байрам мен көмекшісі Гүрсал біз отыр­ған кабинетке кіріп:
«Сендер ойланыңдар. Қалтай газетті жап­қанымен біз бәрібір оны осы қазіргі аты­мен қайта ашамыз. Өйткені «Zaman – Қа­зақстан» екі ел президенттерінің құт­тық­тауымен өмірге келді. Біле білсеңдер бұл өте маңызды. Мұндағы газеттердің жағ­дайын біз айтпасақ та жақсы білесіңдер. Тіл­шілер екі-үш айлап еңбекақыларын ала ал­май жүр. Кейбір газеттер қаражат тап­шы­лығы салдарынан жабылып қалуда. Ел жағ­дайы бес-он жылда жақсара қой­май­ты­ны анық. Сендер осы топтарыңмен біз аша­тын газетте жұмысқа қалыңдар. Ары десе екі-үш айда оны ашамыз. Соған дейін ай­лық жалақыларыңды беріп тұрамыз. Тек күт­сеңдер болды. Ойланыңдар», – деді алма кезек сөйлеп. Біз: «Сендерді біз күтудей-ақ күттік. Қыс­қа­сы, бос уәделеріңе тойдық. Сенім болмаған жер­­­де қандай өнімді жұмыс болады. Біз Қал­­­тай аға ашатын жаңа газетте жұмыс ім­­­­­­­­тей­міз», – деп олардың ұсыныстарынан бас тарттық. Бұл 1994 жылдың қазан айы бо­­­­ла­тын. Екі, үш жігіт бизнес саласына ауыс­­­ты. 

Қалтай аға Үкіметтен жаңа газетті бе­кі­­тіп алды. Біз сол жылдың 28 желтоқ­са­нын­­да Turkistan деген атпен алғашқы са­нын жарыққа шығардық. 
Содан кейін де талай қиындықтар бас­тан өтті. Қаражат тапшылығынан газет ай­лап шықпай қалған жағдайлар болды. Тіп­ті, газетке жазылудан түскен ақша мен Үкі­­меттің там-тұмдап бөлген қаражатын бас­­пахана шығынына жұмсап, өзіміз бір­не­­ше ай бойына жалақы алмаған кезімізді не­­сіне жасырып қалайық. Газеттің әр ап­та­лық санында қалың қауымға шыққан түр­кі­лік тегімізді, тарихымызды, ұмыт бо­лып бара жатқан ұлттық құндылық­тары­мызды та­ныстырумен болдық. Сонда елім, ұлтым, ті­лім деген тілшілерде пат­риот­тық сезімнің ар­қасында бар қиыншылықтарға төзіп, ал­ған бағытымыздан тайғанымыз жоқ. Ел ең­сесін көтере бастағаннан газеттің тира­жы он, он екі мыңға дейін жетті. Тілшілер­дің әлеуметтік жағдайлары да жақсара бер­ді. Солай газет басқа басылымдар қата­рын­да көшін түзеп алды. Бұл да біздің Turkistan газетінде бастан кешкен дәурен еді. Қазір ойлап отырсам, біз үшін қиын­шы­лығымен қызық кезең екен ғой.
         

Көлбай АДЫРБЕКҰЛЫ,
газеттің бұрынғы жауапты хатшысы

 

Серіктес жаңалықтары