Атырау облысында із-түзсіз жоғалған ер адам өлі күйінде табылды

Ол 9 қаңтардан бері жоғалып кеткен.

Атырау облысында із-түзсіз жоғалған ер адам өлі күйінде табылды
Атырау облыстық ТЖД

Атырау облысында 9 қаңтарда 39 жастағы ер адам жоғалып кеткен еді. Ол сол күні түнде анасына «Зират жанында келе жатырмын. Адасып кеттім» деп хабар берген.  

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше, 24 қаңтарда ер адам өлі күйінде табылған.

«Жылыой аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру жұмыстары кезінде Ақкиізтоғай ауылы маңынан қайтыс болған ер адамның мүрдесін тапты. Тексеру кезінде оның 9 қаңтарда жоғалған 1985 жылғы екені анықталды. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 11 күн бұрын із-түзсіз жоғалған ер адам әлі табылмай жатқанынжазған едік.