1957
Тоңазытқышта қандай азық-түлікті сақтауға болмайды?
Мына төрт өнімді тоңазытқышқа сақтамаңыз.
Адамдар азық-түліктің жарамдылық мерзімін ұзарту үшін оны тоңазытқышта ұзақ уақыт сақтайды. Десек те, тоңазытқышта ешқашан сақтауға болмайтын өнімдердің тізімі бар.
Мына төрт өнімді тоңазытқышқа сақтамаңыз:
- Бананды тоңазытқышта сақтауға болмайды. Себебі ол суық жерде тез бұзылады;
- Нанды да жарамдылық мерзімін ұзарту үшін тоңазытқышта сақтаудың қажеті жоқ. Ол үшін нанды пакетке орап, қараңғы жерге қойған дұрыс;
- Қызанақ тоңазытқыштағы тез шіріп, жарыла бастайды.
- Балды тоңазытқышқа қойса, оның дәмі бұзылып қана қоймай, зиянды заттар бөлінуі ықтимал.