854
Ақмола облысында жаңа туған нәрестеге құтқарушының есімі берілді
Дүниеге аман-сау келген бала отбасындағы жетінші бала.
Ақмола облысында Ерейментау ауданы жаңа туған нәрестеге ТЖБ бастығы құрметіне оның есімі берілді, деп хабарлады turkystan.kz.
Амангелді Доскенов қарлы боран кезінде аязға қарамастан, сәбидің анасын тауып, аман алып қалған болатын.
Ол кезде әйел жүктіліктің 35-ші аптасында болған.
«22 қаңтарда Амангелді Доскеновке отбасының жақыны қоңырау шалып, оны ауруханадан шығарып алу рәсіміне шақырған. Балаға өзінің құтқарушысы – Амангелді есімі берілді», – делінген хабарламада.
Дүниеге аман-сау келген бала отбасындағы жетінші бала.