Мемлекет басшысы Асхат Оразбайды қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері арасындағы өзара ықпалдастықты күшейту қажет екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Асхат Оразбайды қабылдады
akorda.kz

Мемлекет басшысы Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы Асхат Оразбайды қабылдады, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлады.

Кездесу барысында Президентке Қордың қызметі мен оның алдағы жылдары, яғни Қазақстанның ұйымға төрағалығы кезінде атқаратын міндеттері жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері арасындағы өзара ықпалдастықты күшейту қажет екенін атап өтті. Соның ішінде Орталық Азиядағы су-энергетика ресурстарын тиімді пайдалану, Арал теңізі бассейніндегі су ресурстарын есептейтін, мониторинг жүргізетін, басқаратын және өзара бөлетін бірыңғай автоматтандырылған жүйені енгізу үшін ынтымақтастықтың өңірлік тетіктерін құру мәселелеріне баса назар аудару керек екенін айтты.