Жамбыл облысында 400-ге жуық мал ұрлаған күдіктілер ұсталды (ВИДЕО)

/
Жамбыл облысында 400-ге жуық мал ұрлаған күдіктілер ұсталды (ВИДЕО)
istockphoto.com

Жамбыл облысы полиция қызметкерлері бірнеше мал ұрлығы дерегіне қатысы бар деген күдікпен төрт адамды ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олардың шілде-қазан айлары аралығында Байзақ ауданының аумағында болған төрт мал ұрлығы дерегіне қатысы бар екені анықталды. Сол уақытта қоралардан және жайылымдардан жалпы саны 384 бас ұсақ малды қолды болған. Жалпы материалдық шығын – 34 млн теңге.

Тергеу барысында полицейлер заттай дәлелдемелер жинап, куәгерлер мен күдіктілерден жауап алды. Қазір күдіктілерге қатысты бірнеше рет аса ірі мөлшерде жасалған мал ұрлығы деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары