Атырау облысында лауазымды тұлғалар 144 миллион теңгенің жерін заңсыз үлестірген

Жалпы құны 144 млн теңге болатын 61 га 3 жер учаскесі қайтарылды

Атырау облысында лауазымды тұлғалар 144 миллион теңгенің жерін заңсыз үлестірген
pixabay.com
1000

Атырау облысында Мақат ауданы әкімдігі мен жер қатынастары басқармасының жауапты қызметкерлері мемлекеттік жерді заңсыз бергені үшін жазаланды, деп хабарлады turkystan.kz.

Мақат ауданының Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметінде жүргізілген тексеріспен мемлекеттік қызмет көрсету, міндетті конкурстық рәсімдерді елемеу және аудан әкімдігінің лауазымды тұлғаларының құзыретіне кірмейтін шешімдер қабылдау кезінде елеулі бұзушылықтар анықталды.

«Мақат ауданы прокурорының актісі бойынша сауда-саттықтан тыс табысталған жалпы құны 144 млн теңге болатын 61 га 3 жер учаскесі қайтарылды. Сондай-ақ сауда-саттықтан тыс жер учаскелерін заңсыз алған тұлғалар қатарында жер комиссиясының мүшелері де бар. Мүдделер қақтығысына қарамастан соңғысы комиссия отырсында өзі қатысып, бұл жағдайды одан да қолайсыз етеді», – делінген Атырау облысы прокуратурасының хабарламасында.

Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасарларының бірі бюджетке тиісті жер учаскесін кәсіпкерге тегін берген.

Прокурорлық қадағалау актісінің қаралу нәтижесімен аудан әкімінің екі орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылса, Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы ӘҚБтК 137-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

 

Серіктес жаңалықтары