АҚШ-та аяздан 47 адам көз жұмды

Штаттарының басым бөлігінде 12 қаңтардан бері ауа температурасы күрт төмендеді

АҚШ-та аяздан 47 адам көз жұмды
Ашық дереккөз

АҚШ-та күннің суытуы салдарынан соңғы бір аптада 47 адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz 24KZ арнасына сілтеме жасап.

NBC арнасының хабарлауынша, әсіресе, Теннесси штатының тұрғындары ауа райының қолайсыздығынан қатты зардап шегіп отыр. Америка құрама штаттарының көп бөлігінде 12 қаңтардан бері ауа температурасы күрт төмендеді. Рекордтық көрсеткіш - минус 34 градус тіркелді. Бірнеше штатта қалың қар жауып, негізгі жолдар жабылды.