Кімге көк шай ішуге болмайды?

Пайдасына қарамастан, кей жағдайда көк шай денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін.

Кімге көк шай ішуге болмайды?
10awesome.com

Көк шайдың пайдасы туралы ғалымдар мен дәрігерлер жиі айтады. Құрамында көптеген пайдалы компоненттер болғандықтан бұл сусын ағзаға жақсы әсер етеді. Мысалы, ас қорыту процесін оңтайландырып, құрамындағы мырыштың арқасында шаш пен тырнақтың қалпын жақсартып, жараның жазылуын тездетеді. Сонымен қатар нерв жүйесін ынталандырып, ағзадағы улы заттарды шығарады.

Бірақ бұл көк шайдың адам денсаулығы үшін әсте зиянсыз екенін білдірмейді. 

Пайдасына қарамастан, кей жағдайда көк шай денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін. Мысалы, гипертония және глаукомамен ауыратын адамдар фолий қышқылының сіңімділігінің төмендеуіне байланысты көк шайдан бас тартқаны абзал. Сондай-ақ бұл сусын жоғары қан қысымы, бүйрек, асқазан және бауыр аурулары бар адамдарға зиянды болуы мүмкін. Буындарына тұз жиналған адамдарға көк шайдың пайдасынан гөрі зияны көбірек.