Алматыда отшашудан 2 жасөспірімнің қолы бөлшектеніп кеткен

Балалар шұғыл медициналық көмек орталығында қазіргі күні отшашудан жараланған 5 бала жатыр.

Алматыда отшашудан 2 жасөспірімнің қолы бөлшектеніп кеткен
Ашық дереккөз
1424

Алматылық дәрігерлер отшашудан зардап шеккен 13 және 16 жастағы жасөспірімдердің қолын аман алып қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

sputnik.kz сайтының мәліметінше, отаны Алматы қаласында Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының (БШМКО) травматологтары жасады.

"Екі пациентте аралас жарақаттар болды. Клиника әдісі бойынша ішкі бекітумен сүйек сынықтарын жабық репозициялау, сондай-ақ оң қолдың II саусағының тіндерімен пластика жасалды. Біз қолдарын былайша айтқанда бөліктер бойынша жинадық", - деді Алматы қалалық Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының травматологы Кешірме Қуаныш.

4 қаңтарда отшашудан зардап шеккен тағы үш бала жеткізілген. Үшеуінің де жарақаты ауыр. Біреуінің жанарына зақым келген. Ол қазірге ақ жарықты ғана көре алады. Дәрігерлер баланың болашақта нақты көретіні немесе жанарсыз қалатыны туралы болжам жасауға ерте дейді.

Балалар шұғыл медициналық көмек орталығында қазіргі күні отшашудан жараланған 5 бала жатыр. Жалпы 9 бала жүгінген.

Серіктес жаңалықтары