Амир Омарханов әлемдегі үздік 30 теннисшінің тізіміне енді

Федерацияның мәліметінше, Амир 58-ден бірден 28-сатыға көтерілді.

Амир Омарханов әлемдегі үздік 30 теннисшінің тізіміне енді
ҚТФ

Қазақстандық Амир Омарханов 18 жас және соған дейінгі жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде әлемдегі үздік 30 теннисшінің қатарына кірді.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Амир 58-ден бірден 28-сатыға көтерілді.

Даниал Рахматуллаев 115-тен 61-сатыға бір-ақ шықты. Сол секілді Виталий Зацепин – 85 (+71), Ильяс Маратұлы – 150 (+93), Заңғар Нұрланұлы 177-орынға (+105) жоғарылады.

Қыздар арасында Асылжан Арыстанбеков үздік елулікке (51-орын, +15) жақындады. Сондай-ақ Айя Нұпбай – 168 (+49), Полина Слепцова 176-сатыға (+52) орнықты.