Қарағанды облысында 7 автокөлік соқтығысқан

Жол апатынан зардап шеккендер жоқ

Қарағанды облысында 7 автокөлік соқтығысқан
Видеодан алынған кадр

Бүгін сағат 13:20 шамасында «Алматы-Екатеринбург» тас жолының 1353-1425 шақырымында 7 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апатынан зардап шеккендер жоқ.

«Аталған автокөліктер Астанадан Қарағанды облысына қарай жолды жаппай тұрып өтіп кеткен. Ошағанды кентінің маңында жолдың көрінбеу салдарынан алда келе жатқан көліктер бір-бірімен соқтығысқан», – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаменті Патрульдік полиция батальонының командирі Бекзат Сәулембаев.

Полиция департаменті көлік жүргізушілерден алыс жолға шықпауларын сұрайды.