Талдықорғандағы дәмханада жаппай төбелескендер жауапқа тартылды
Полицияға дәмхана әкімшілігі хабарласқан
Талдықорғанда полицейлер қалалық дәмханалардың біріндегі бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.
Оқиға орнына келген полицейлер қақтығысқа қатысушыларды қалалық әкімшілікке жеткізді. Оқиға ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігінде көзделген факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысын бастап, сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексі («Адамдар тобында жасалған бұзақылық») деп тіркелді, - делінген хабарламада.
Полицияға дәмхана әкімшілігі хабарласқан. Төбелеске қатысқан 3 азамат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстық іс ерекше бақылауға алынды. Тергеу барысында іске қатысушы әр тұлғаның әрекетіне тиісті баға беріліп, қолданыстағы заңнамаға сай процессуалдық шешім қабылданады, - деді облыстық полиция департаментінің басшысы Арман Саданов.
Нақты айтқанда, келушілер дәмханада 1 қаңтарда жаппай төбелескен.