2730
Еліміздің екі облысында 3 жол учаскесі жабылды
Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады
Қазақстанның 2 облысындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Жетісу облысында — 1 учаске:
1. "Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст. — Достық ст. дейін — 100 км.
Қарағанды облысында — 2 учаске:
1. "Екатеринбург-Алматы» 1505-1610 км, Новостройка а.-Ақсу-Аюлы к. дейін — 105 км.
2. "Екатеринбург-Алматы, Солтүстік-Шығыс айналма жолы», Пришахтинск а. — Новостройка а. — 16 км.
Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады.
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 392 бірлік техника және 599 адам жұмылдырылды.