Жаңа жыл қарсаңында 191 сәби дүниеге келді

Мереке түнінде туған нәрестелердің ең көп саны Түркістан облысында тіркелді

Жаңа жыл қарсаңында 191 сәби дүниеге келді
Денсаулық сақтау министрлігі
1076

Денсаулық сақтау министрлігі жаңа жыл қарсаңында республиканың перзентханаларында 191 сәби, 101 ұл және 90 қыз дүниеге келгені жөнінде ақпарат таратты, деп хабарлады turkystan.kz.

Мереке түнінде туған нәрестелердің ең көп саны Түркістан облысында тіркелді – 38 бала. Екінші орында – Шымкент. Бұл қалада 23 бала дүниеге келді. Алматыда 22 отбасының қатары толықты.

Республика астанасында жаңа жыл қарсаңында 10 бала дүниеге келген.

Серіктес жаңалықтары