Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі қашан өтеді?

Оның келесі қарсыласы ағылшын файтері Леон Эдвардс болуы мүмкін

Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі қашан өтеді?
Ашық дереккөз

Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы ағылшын файтері Леон Эдвардс (22-3) алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Сәуір айында Лас-Вегастағы UFC 300 турнирінде белбеуімді қайта қорғаймын, сосын жазда Бирмингемдегі “Вилла Паркте”, өз жерімде жекпе-жек өткіземін деп жоспарлап отырмын. Мен UFC-мен келіссөздер жүргізіп жатырмын, сондықтан бұл қолымыздан келеді де ойлаймын, - дейді Леон Эдвардс.

Еске сала кетейік, титулдық жекпе-жекке басты үміткерлердің бірі қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов (18-0). Алайда көптеген шетелдік сарапшылар UFC әуелі америкалық файтер Белал Мухаммадқа (23-3) мүмкіндік беретінін айтады.