Бүгін Астана-Теміртау бағытындағы жол ашылуы мүмкін

Бұл жұмыстарға 25 техника мен 40-тан астам жұмысшы жұмылдырылған

Бүгін Астана-Теміртау бағытындағы жол ашылуы мүмкін
Ашық дереккөз

Ауа райы болжамы бойынша, бүгін, 31 желтоқсанда сағат 12:00-ден бастап, «Астана-Теміртау» учаскесінде қардың жаууы мен желдің күші бәсеңсуі мүмкін. Осыған қарай жол жақсы көрініп, көліктерді өткізуге мүмкіндік туындауы ықтимал, деп хабарлады turkystan.kz Kazinfrom-ға сілтеме жасап.

Осыған байланысты 31 желтоқсан күні шамамен сағат 12:00 кезінде жол қызметі мен жергілікті полиция өкілдеріменің сүйемелдеуімен көліктерді өткізу жоспарланып отыр.

Осы уақытта жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолдарды тазарту және оған қажетті материалдарды себу жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмыстарға 25 техника мен 40-тан астам жұмысшы жұмылдырылған.